Әлеуметтік желіде Димаш Құдайбергеннің әжесі немересінің мінезін сипаттаған видео тарады. Халық әртісін тәрбиелеген ана жасырмай, ұлының қандай екенін айтты, деп жазады qandastar.kz.
«Айтқанды тыңдайды, орындайды. Бірақ өз айтқанынан қайтпайтын қайсар мінезі бар. Әлі сондай. Орындаймын десе, міндетті түрде орындайды», — деді әжесі.
Видеода Димаш Құдайбергеннің де өз мінезін сипаттаған сәті бар.
«Кемшілігімді айтып берейін бе? Мінезі ауыр, қырсық, өзінің айтқанынан өліп кетсе қайтпайтын», — деді әйгілі әнші.
Әншінің әжесі оның қалжыңдасып жүргенді жақсы көретінін айтты.
«Өзі ерке, еркін. Оған ешкім киімейді. Қабағыңа қарап отырады. Содан кейін әзілқой. Ойнап отырып айта береді. Ол мінезі қазір де бар. Мен: олай әзілдемесейші, адамдар түсінбей қалады, деп айтып отырамын. Былай мейіміді, қайырымды. Бәріне көмектескісі кеп тұрады», — деп айтты ол Димаш туралы.
@qazakhfan_dq @Dimash Qudaibergen ♬ оригинальный звук — DIKO



