Жаңалықтар

«Артында 2 сәбиі қалды»: Алматыда көз жұмған фельдшер туралы жаңа деректер шықты (ВИДЕО)

Алматыда күні кеше болған жол апатынан тағы да 23 жастағы фельдшер қыз қайтыс болған болатын. Марқұм жайлы тың мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Журналист Гүлмира Әбіқай Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жан тебірентер жазба жариялады.

ҚОШ БОЛ, НӘСИБӘ! Алматыда тағы да жол апаты, тағы да жедел жәрдем көлігін асыққан жан қирата соқты. Кесірінен, жас фельдшер сол жерде тіл тартпай кетті… Нәсибаның жасы небәрі 23-те еді…2 апта бұрын қайтыс болған Астаналық әріптесі Ұлданамен жасты. Екеуінікі бір қызмет, ортақ міндет. Нәсибаның жолдасы да медик. Өзі басқа жұмысқа ауысуына орай орнына әйелін кіргізді. Қуанышы қойнына сыймаған Нұрқасым Нәсибаның жедел жәрдемге жұмысқа тұрғанын бәріне өзі жеткізген.
Алайда, дәл осы жұмыс орнында жұбайын ажал күтіп тұрғанын қайдан білсін?! 4 ай ғана жұмыс істеді… Бүгін де мен сияқты ауырған бір науқасқа асықты-ау… мен шақырған жедел жәрдем жетті. Ал, Нәсиба жетпей қалды. Ол науқас не болды екен? Анамыз түнгі кезекшіліктен келер уақыты болды ғой деп күтіп отырған қос құлыншағын айтсаңызшы! Шиеттей сәбилер анасыз, еркек жарсыз қалды. Нұрқасымның анасы короновируста қайтыс болған, балаларға екеуі бас-көз болып отырған. Енді не болады…қиын жағдай…қаралы күн…
Қош бол, Нәсиба Мұхтарқызы! Марқұмның барша жақындарына қайғыра көңіл айтамын, Алла панасына алсын!, – деп жазды ол.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Гульмира Абыкаева (@gulmira_abykai_official)

«>

Полиция мәліметінше, оқиға 2025 жылғы 3 желтоқсанға қараған түні сағат 00:40 шамасында Алатау ауданында болған. Алдын ала деректер бойынша жедел жәрдем көлігі бұрылыс жасап жатқан сәтте қарсы бағытта келе жатқан Kia маркалы көлік соғылған.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Айта кетейік, бұл – соңғы уақытта фельдшер мамандар қаза табуымен байланысты екінші қайғылы жағдай. Бұған дейін Астанада 23 жастағы жедел жәрдем қызметкері Ұлдана Мырзуан тұрғын үйдің қасбеті опырылған кезде жарақат алып, қайтыс болды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button