Блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова әлеуметтік желіде жаңа суреттерін жариялады. Кадрларда ол күйеуі Сәкен Қағаровпен бірге бір-бірінің суреті бейнеленген жұптық пижама киіп түскен, деп жазады qandastar.kz.
«Инстаграмдағы барлық жылтыр контентке қызықпаңдар. Шынайы life әлдеқайда қызығырақ», – деп жазды Айжұлдыз.
Пікір қалдырған желі қолданушылары оларды қалжыңдап «өздерің де біз сияқты мінсіз емес отбасы екенсіңдер» деп күліп алды.
«Үй шашылып жататын жалғыз мен емес екен ғой. Слишком тап-таза адамдар не дер екен?»,
«Мяяя, пижаманы «өлтіріпсіңдер», бірден байқамадым!»,
«Апама – жездем сай!»,
«Қиял едіңдер, енді тіпті болды!»,
«Шаблонсыз өмір сүретініңізге риза болам», – деп жазды желі қолданушылары.



