Шоу бизнес

Мөлдір Әуелбекова еркектерге ренішін айтты

Мөлдір Әуелбекова Threads желісіндегі парақшасында оқырмандарына ой салатын сұрақ қойды, деп жазады qandastar.kz.

Әнші кейбір ер азаматтардың мінез-құлқына қатысты өз ойын білдірді.

«Ер адамдарға сұрақ: неге елімізде көп еркек әйелінен ажыраған кезде, автоматты түрде балаларынан да алыстап кетеді? Балаларын іздемейді, келмейді. Материалдық қамқорлықты айтпай-ақ қояйын…» – деп жазды ол.

Оқырмандарының жауабын оқығаннан кейін, әнші пікір қалдырғандарға ризашылығын білдіріп, өкпелі ерлердің де аз еместігін атап өтті.

«Өкпесі толған, әлі де есейе қоймаған ерлер көп екен. Бірақ, сұраққа сабырмен, нақты жауап берген азаматтар да бар екен. Рақмет!» – деді Мөлдір.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button