Спорт

Ангелина Лукас қарсыласын нокаутқа түсіріп, әлем чемпионы атанды

IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы Ангелина Лукас 3 желтоқсанда Дубайда кезекті жекпе-жегін өткізді, деп жазады qandastar.kz. 

Бұл жолы Ангелина Танзаниядан келген боксшы Эгине Каянгенгемен қолғап түйістірді. Екі спортшы арасындағы айқас бастапқыда 10 раундқа жоспарланған болатын.

Алайда жекпе-жектің төртінші раундында Лукас қарсыласын тізе бүктіріп, жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтады. Төреші танзаниялық спортшыға нокаут тіркеп, кездесуді тоқтатты.

Осылайша, 28 жастағы Ангелина Лукас (52,2 кг дейінгі салмақ дәрежесі) екінші жеңіл салмақта WBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды.

Айта кетейік, бұған дейін Ангелина Мысырда өткен жекпе-жекте америкалық боксшы Кэтрин Ренеге төрешілер шешімімен жеңілген еді. Бірақ көп ұзамай америкалық спортшы допинг сынағынан өте алмады. Соның нәтижесінде Лукасқа жазылған жеңіліс ресми түрде «күшін жойды»деп танылды.

Қазіргі таңда Ангелина Лукас кәсіби мансабында 16 жекпе-жек өткізіп, оның 9-ын нокаутпен аяқтаған. Тек бір рет ғана жеңіліс тапқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button