Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Балаңыздан өткір иіс шықса, күмәнданған жөн»: жамбылдық нашақор ата-аналарға үндеу жасады

Жамбыл облысының полиция департаменті бұрын есірткі тұтынған және төрт рет түрмеде отырған ер адамның үндеуін жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ер адамның айтуынша, есірткі тек денені ғана емес, миды да бұзады.

«Адам есірткіге тәуелді болған сәттен бастап өзін-өзі басқара алмай қалады. Кезекті дозаны табу үшін бәріне барады. Өтірік айтады, ұрлыққа барады, манипуляция жасайды», — дейді ол.

Ол отбасы, сенім және денсаулық – тәуелділіктің алғашқы құрбандары екенін атап өтті.

«Мен бәрінен айырылдым. Отбасымнан. Сенімнен. Үш ұлымнан. Үлкенім қазір 30 жаста… Өте қатты сағынамын», — деді ол.

Ер адам жасөспірімдері бар ата-аналарға маңызды белгілерге назар аударуды ескертті.

Егер баладан күйген пластмассаға ұқсас өткір иіс шықса, бұл синтетикалық есірткіні қолданудың белгісі болуы мүмкін.

Мұндай жағдайларда ол нарколог мамандарға және құқық қорғау органдарына дереу жүгінуге шақырады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button