ЖаңалықтарШоу бизнес

«Бұрынғыдай басқара алмаймын»: Баян Алагөзованың күйеуі күтпеген мәлімдеме жасады

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзов Forbes Talks басылымына берген сұхбатында алдағы уақытта Baiuly Capital Holding холдингін құру жоспары жайлы айтып берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Кәсіпкердің айтуынша, бизнесін бұрынғы форматта басқару мүмкін болмай тұр, себебі ол тым үлкейіп кетті.

«Мен тек алкогольсіз сусындар шығарған кезде бәрін өзім басқара алатынмын. Қазір бізде қызметкерлер саны артты – үш бағытта шамамен 5 мың адам. Мен бұрынғыдай бәрін жан-жақты басқара алмаймын», — деп түсіндірді ол.

Холдинг атауын ата-бабаларының рухы қолдайды деген үмітпен таңдағанын да жасырмады.

Кәсіпкер Кіші жүздің Байұлы руынан тараған.

Ол сондай-ақ Өзбекстан мен Таяу Шығыста бизнес сатып алуды қарастырып жатқанын да айтты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button