Қырғызстанда ана өз балаларын аяусыз сабаған видеосы жұртты шошытты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі kz_news_live Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Қырғызстанның Сокулук ауылында 30 жас шамасындағы әйел күйеуімен ұзаққа созылған жанжалдан кейін ашуын өз балаларынан алған. Желіге тараған видеода ана 9 және 7 жасар балаларын жерге құлатып, тоқтаусыз ұрып жатқаны көрінеді. Бұл оқиға қоғамда қатты резонанс тудырып, әлеуметтік желіде талқыға түсті.



