Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Путиннің қызы соғысқа қатысты ойын айтты

Парижде украиналық ТСН телеарнасының журналисті Владимир Путин мен Светлана Кривоногихтың болжамды қызы Лиза Розоваға (Луиза) сұрақ қойып, жауап ала алмады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Syrmedia.kz telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Қыз Франциядағы шағын арт-галереяда жұмыс істейтінін айтты. Журналист соғыс туралы пікірін сұрағанымен, Розова бірнеше рет оған «А я тут при чём?»  деп таңданды.

Журналистің Киевке немесе Покровскке барып жағдайға араласуы туралы ұсынысына қыз «Сіз елестетіп көріңіз, мен онда қалай баруым керек?»  деп жауап қатты.

 «Маған өте өкінішті, бірақ мен көмектесе алмаймын. Мен бұл жағдай үшін жауапты емеспін», —  деді Розова.

ТСН мәлімдеуінше, қыздың қасындағы адам күзетші тәрізді әрекет еткен, ал микрофон сұхбат кезінде кенеттен істен шыққан.

Айта кетейік, Лиза Розова ешқашан Путинмен туыстығын ресми растамағанымен, құжаттарында «Владимировна» деген әкесінің аты көрсетілген.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button