Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Енді инфосығандардың жағдайы қиындайды: курс сату үшін тиісті диплом қажет болады

Әлеуметтік желілер мен онлайн платформаларда жарияланатын білім беру және оккульттік контентті міндетті түрде белгілеу туралы заң жобасы дайындалып жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев өз әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

Айтуынша, тиісті түзетулерді Мәдениет және ақпарат министрлігі ұсынды.

«Бұдан былай Коучтар мен түрлі курс сататындар үшін жаңа ереже: дипломсыз курс сату қиындайды. Талаптар заңды күшке ие барлық платформаларға: әлеуметтік желілер, видеохостингтер, блог-платформалар, қолданушылар контент жүктейтін маркетплейстер, басқа да онлайн сервистерге қолданылады. Ешқандай ерекшелік қарастырылмаған», — деп жазды депутат.

Жаңа талаптар білім беру контентінің айқындығын арттырады, «оқыту» деген атпен таралатын жалған ақпаратты азайтады, барлық авторға ортақ стандарт енгізеді, бюджетке қосымша салмақ түсірмейді әрі теріс әлеуметтік әсері жоқ.

Осылайша келесі жылдан бастап кімнің академиялық білімі бар, солар ғана өз саласында курс сата алатын болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button