ЖаңалықтарСпорт

GGG Халықаралық бокс даңқ залына енді

Геннадий Головкин осындай мәртебелі атаққа ие болған алғашқы қазақстандық атанып отыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы Қазақстан ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Геннадий Головкиннің әуесқой мансабы – орта салмақтағы ең табыстылардың бірі. Ол 350 рет жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жетті. Көптеген жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшысы болды.

Кәсіби боксқа өткеннен кейін Геннадий Головкин XXI ғасырдың ең әлеуетті орта салмақтағы чемпиондарының біріне айналды.

Ол 45 жекпе-жек өткізіп, оның 37-сінде нокаутпен жеңіске жетті және ұзақ уақыт бойы әлемдік P4P рейтингінде бірінші орынды иеленді. Кәсіби мансабында ол WBA, WBC, IBF және IBO әлем чемпионы атағын, сондай-ақ беделді The Ring белбеуін иеленді.

Бүгінде Геннадий Головкин Қазақстанның ұлттық олимпиадалық комитетін және Дүниежүзілік бокс федерациясын басқарады, халықаралық спорт ұйымының президенті болған алғашқы қазақстандық болды.

«Оның Халықаралық бокс даңқ залына енгізілуі – жетістіктері үшін марапат қана емес, сонымен қатар әлемдік бокс тарихында терең із қалдырған және рингтен тыс спорттың дамуына ықпал етуді жалғастырып келе жатқан спортшыны мойындау», — делінген мәлімдемеде.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button