Баян Алагөзова мотивацияға қатысты ойын білдірді, деп жазады Qandastar.kz ақпарат порталы продюсердің facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.
«Мені жұмыстан 9 рет шығарса да, аяғымнан неше рет шалса да артыма бір қарап, қайтадан алға қойған мақсатыма жүре бердім. Бүгінгі жастар көп сұрайды “Мотивация беріңізші” деп. Ал шын мотивация – ешкімнің сөзінде емес, сіздің өз өміріңізде», – деді продюсер.
Алагөзованың айтуынша, адамдар өз жетістігін емес, өздерінің бастан өткерген сынақтары мен тәжірибесіне сүйеніп күш алғаны дұрыс.
«Менің жеткен жетістігімнен емес, өз жүріп өткен жолыңыздан күш алыңыз. Себебі сіздің тарихыңыз – ең үлкен мотивация», – деп қорытындылады ол.



