Алматыда Қазақстанның ең көрікті аруы анықталды. Биыл тәж үшін 20 қатысушы өзара бақ сынасты, деп жазады qandastar.kz.
Гранд-финал қаланың мейрамханаларының бірінде өтіп, бірнеше кезеңді қамтыды. Нәтижесінде 22 жастағы шымкенттік Алина Ри «Miss Qazaqstan 2025» атағына ие болды. Енді ол халықаралық аренада Қазақстанның атын таныту құқығына ие.
Алина Ри шығармашылық ортада өсіп, үш жасынан бастап би үйірмесіне қатысқан. Осы уақытқа дейін ол ондаған сахнада өнер көрсетіп, әсерлі сахналық бейнесін қалыптастырды. 14 жасында алғаш модельдік ұсыныстар алып, кейін Guess және Constella сынды әйгілі брендтердің көрсетілімдері мен жарнамалық жобаларына қатысқан. Сонымен қатар оның заң саласы бойынша білімі бар.
Ұйымдастырушылар байқаудың басқа да жүлдегерлерін жариялады:
- Miss People’s Choice — Алина Нурахметова
- Miss Adalin Clinic -Аида Жанкылыш
- Miss Dress Angel — Лаура Актаева
- Вице-мисс Қазақстан және Miss Marie Claire — Дильназ Сарсенбай
- Miss Sun Group — Диана Санат
- Екінші вице-мисс Қазақстан — Камила Даулетова
- Miss Earth Kazakhstan -Шадияра Байкенова
- Miss Grand Kazakhstan- Анель Емел
Жаңа мисс халықаралық сұлулық додаларында елдің атынан шығып, Қазақстанның намысын қорғайды.
@sagat_nurpeiss #миссказахстан #миссказахстан2025 #шымкент #риалина ♬ оригинальный звук — sagat_nurpeiss



