Әнші Ерке Есмахан кеше Алматыда болған жер сілкінісінде өзі мен отбасының қалай қорыққанын айтты, деп жазады qandastar.kz.
Instagram – ғы дәстүрлі «Сұрақ-жауап» айдарында Еркеден оқырмандары Алматыдағы жер сілкінісін қаншалықты сезгенін сұрады.
«Жер сілкінісі болды. Жоғары қабатта тұру қорқынышты емес пе?» – деп алаңдаушылық білдірді жанкүйерлері.
«Түске дейін ұйықтап жатқан едім. Жер сілкінісінен шошып оянып кеттім. Балалармен бірге сыртқа шықтық. Балалармен шамамен бір сағаттай далада отырдық, содан кейін үйге қайта кірдік. Алла жерімізді де, халқымызды да сақтасын. Түрлі апаттардан қорғасын», – деп жазды ол.
Сонымен қатар, әнші қазір отбасының отағасы үйде жоқ екенін айтты. RaiM Ресейде гастрольдік сапарда жүр.




