Продюсер Баян Алагөзова халыққа қарым-қатынасын ашық айтпаған Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсынның құпиясын байқамай ашып қойды, деп жазады qandastar.kz.
Бұл тақырып Айсәуле Бақытбектің YouTube жобасында сөз болды. Бағдарлама барысында Айсәуле анасынан Қазақстандағы ең көрікті жұптардың бірін атауды сұрағанда, продюсер Сатаев пен Тұрсынды мысал ретінде келтірді.
«Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын – өте жарасымды жұп. Оларға қарасаң, бір-біріне деген сезімдері анық көрініп тұрады. Сырт көзге бәрі байқалады», — деді Баян Алагөзова.
Айта кетейік, 2020 жылы Ақан Сатаев 26 жыл отасқан жары Назира Бақаевамен ажырасып кеткен болатын.
Сол кезде режиссер бұл жағдайға қатысты пікір білдіріп, былай деп түсіндірген:
«Ажырасудан ешкім пайда көрмейді, бірақ өмірде түрлі қиындықтар болады. Кейде басқа амал қалмайтын сәттер туады. Бізде де солай болды. Дегенмен Назира екеуміз бұл мәселеге сабырмен қарап, үлкен адамдарша шешім қабылдадық. Ұрыс-керіс те, түсінбестік те болған жоқ — бәрін сөйлесіп анықтадық.
Балаларымызбен де бұл жайында ашық сөйлестік. Ажырассақ та, олардың ата-анасы болып қала береміз. Барлығын ақылдаса отырып қабылдаған ортақ шешіміміз осы болды», — деген еді.



