ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Қаржы вице-министрі Қазақстанда қанша адамның банкрот деп танылғанын айтты

ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов елімізде жалпы сомасы 188 млрд қарызы бар 50 мыңнан астам азамат банкрот деп танылғанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz сайты Орталық коммуникациялар қызметінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңнаманы жетілдіру жалғасады.

«2025 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған қарыз шарттарына борышты реттеуді жүргізу туралы талапты алып тастау; борышкердің себептерін көрсетпей соттан тыс банкроттық рәсімін тоқтату құқығы; банкроттың қаржы ұйымдары алдындағы, оның ішінде кредиттік бюролар базасында көрсетілмеген барлық міндеттемесін тоқтату қарастырылған бірқатар түзетулер қабылданды», — деді спикер.

Сонымен қатар, парламентте ломбардтарды соттан тыс банкроттық рәсіміндегі кредиторлардан шығару, сондай-ақ борыштары 1600 АЕК-ке дейінгі борышкер азаматтар үшін банкроттық рәсімін өткізу мерзімдерін қысқарту бойынша түзетулер қаралып жатыр.

Еске салсаққ, 2023 жылдың 3 наурызында Қазақстанда қарызы бар азаматтарға өзін банкрот деп жариялауға мүмкіндік беретін заң күшіне енді. 2024 жылы банкроттық рәсімі бойынша бірқатар талаптарды алып тастау арқылы айтарлықтай жеңілдетілді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button