Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Еліктегіш-солықтағыш қазақ»: журналист түнде туған күнмен құттықтайтындарды жазалауды ұсынды

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы түнгі 12-ден кейін туған күнмен құттықтайтындарға заңмен тыйым салу керек деп отыр, деп жазады qandastar.kz  порталы.

Журналист Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында ашулы жазба жариялады.

”Түнгі 12-де туған күнімен құттықтап, «сюрприз» деп, у-шу етіп кіріп бару о баста 15-20-дағы бір кеңкелестің ойына тура келді, — солай істеді… шетелдік бір кинолардан көріп алған ғой… Сосын еліктегіш-солықтағыш «фантазиясы терең» қазақ не істеді? Ары қарай «өсіріп», «түрлендіріп», «дамытып», (торт жағып, ұн шашып, төбесіне сок, шампан құйып, салют атып, музыканы айғайлатып т.с.с.), одан сайын санасыздандырып іліп алып кетті… Жастардан өтіп үлкендерге, кәрілерге жұқты… Құдай сана бермесе қиын ғой… Адам деген бұл уақытта ұйықтау керек қой… Оның несі сюрприз? Жасы болсын, кәрісі болсын — түн ортасында айғайлап, шулап, салют атып, музыканы бақыртып… мұндайды мәдениетсіздік, білімсіздік, ұятсыздық, санасыздық, парықсыздық, өресіздік, топастық, тәрбиесіздік, көргенсіздік, тексіздік, даңғойлық, дарақылық дейді…» — дейді журналист.

Айтуынша, мұндайларға айыппұл салу керек.

«Қысқасы, түнгі 12-де туған күн деп дүрлігуді қойыңдар, қазақтар. Балаларыңа соны айтып түсіндіріңдер… бұл мәселені ата-ана да, мектеп те, колледж де, ЖОО да балалардың миына жеткізіп, санасына сіңіріп тұрып айтып, түсіндіріп, керек болса, ұрсып, тоқтату керек…

Түн ортасындағы туған күнге оралайық… Әрине, үй ішіндегі отбасы мүшелері ғана туған күн иесін құттықтап, бетінен сүйсе, болды емес пе? Мейлі, сыйлықтарын беріп, дастархан жасап, таңға дейін тойлатса да өз еріктері… Ал ол үйде тұрмайтын бөтендер ертеңіне түсте барса да, кешке барса да, ештеңеден құр қалмайды», — деп түйіндеді сөзін ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button