Ақорда мәліметінше, 10-11 желтоқсан күндері Масуд Пезешкиан Астанаға ресми сапармен келеді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
«10-11 желтоқсан күндері Астанаға Иран Ислам Республикасының Президенті Масуд Пезешкиан ресми сапармен келеді», — делінген мәлімдемеде.
Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер жоспарланған.
Сондай-ақ тараптар сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.



