Шоу бизнес

Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыздың қуанышына бармай қойды

Танымал актриса әрі Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова ұзақ уақыт бойы көпшілік алдында көрінбей жүріп, жақында қайын атасы Нұртас Айдарбековпен бірге ел назарына ілікті, деп жазады qandastar.kz.

Жұлдыз отбасы үшін қуанышты жаңалықпен бөлісіп, жалғыз туған бауырының үйленгенін жариялады. Ол тойдан бірнеше әсерлі видеолар бөлісіп, көпшіліктің жылы лебізіне бөленді. Желі қолданушылары «Бес баланың анасы екені байқалмайды» деп, актрисаның сымбатына таңданыстарын жеткізді.

Сонымен қатар тойда Нұртас Айдарбековтің де бой көрсетуі жұрт назарынан тыс қалмады. Алайда Жұлдыздың төркінінің қуанышына Гүлзира Айдарбекованың келмеуі әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Қолданушылар түрлі пікір білдірді:

«Гүлзира көрінбейді», «Келмей қалғаны қызық болды», «Қайрат Жұлдыздың төркініне құрмет көрсетіп барды», «Жұлдыз өзі олардың тойына бармаған еді», «Киімі қызық екен» деген сынды пікірлер жазылды.

 

@a.a.zhuldyz #жұлдызабдукаримова #хочуврекомендации ♬ оригинальный звук — zhuldyzabdukarimovaoffical

Ұқсас Мақалалар

Back to top button