Шерзат Полат ісінен кейін танылған прокурор Дана Сәрсенбай «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен марапатталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Айтуынша, Прокуратура күніне орай Қазақстанның Бас прокурорының бұйрығымен «Үздік мемлекеттік айыптаушы» төсбелгісімен марапатталды.
«Берік Ноғайұлы, Сізге зор алғыс! Еліміздің құқықтық жүйесін нығайту жолында жасап жатқан еңбегіңіз шын мәнінде үлкен құрметке лайық. Сіздің талапшылдығыңыз, әділ ұстанымыңыз бен жүйелі жұмысыңыз бізге әрдайым бағыт-бағдар береді.
Сізден үлгі алып, өзімізді кәсіби әрі рухани тұрғыда дамытуға ұмтыламыз. Сіздің бастамаларыңыз бен дұрыс шешімдеріңіз бізге күш-қуат беріп, биік мақсаттарға жетуге жігерлендіреді!» — деп жазды ол.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 4 қазанында Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат кісі қолынан қаза тапқан болатын.
Бұл іс бойынша 9 адам сотталды.



