Әнші Қайрат Нұртас ұзақ үзілістен кейін жаңа туған қызы Рәбия Сұлтанмен түсірілген видеосын көпшілікпен бөлісті, деп жазады qandastar.kz.
Желіге жүктелген роликте өнер иесінің сәбиін бауырына басып, еркелетіп тұрғаны көрінеді. Әнші жазбасында:
«Қызым, менің кішкентай Рәбиә Сұлтаным!», – деп нәзік сезімін жеткізген.
Бұл видеоны көрген желі қолданушылары ерекше қуанып, Қайраттың қызына барғанына шын жүректен риза болды. Олар әкенің мейірімі сезілген осы кадрларға сүйсініп, түрлі пікірлер қалдырды.
«Ақыры жүрегіміз орнына түсті», «Сендер үшін уайымдап жүр едік», «Өз қызын құшағына алғанына қандай қуаныш!», «Бүгін тыныш ұйықтайтын болдық», «Алла қосқан дәнекер ғой», – деген секілді жылы сөздер жазылды.



