Қазақстанда келесі жылдан бастап ең төменгі зейнетақы көлемі ұлғаяды. Бұл – 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген өзгерісдеп хабарлайды qandastar.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, 2026 жылы ең төменгі зейнетақы 62 771 теңгеден 69 049 теңгеге өседі. Яғни, қазіргімен салыстырғанда 6 278 теңгеге артады.
Сондай-ақ, базалық зейнетақы мөлшері де көтеріледі. 2025 жылы ол 32 360 теңге болса, 2026 жылы 35 596 теңгені құрайтын болады. Өсім – 3 236 теңге.
Айта кесек, 2018 жылдан бері базалық зейнетақы азаматтың жинақтаушы жүйеге қатысу өтіліне қарай жеке есептеледі.



