ЖаңалықтарТарих

Депутат алашордалықтарды қуғын-сүргінге ұшыратудың сырын анықтады

Депутат Бақытжан Базарбек Алашорда зиялыларына қатысты сирек құжаттармен бөлісті, деп жазады Qandastar.kz. 

Базарбектің айтуынша, Бас прокуратураның орынбасары Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев оған екі томдық ерекше еңбек сыйға тартқан. Бұл кітаптар 1920-1930 жылдары ОГПУ тергеу органдары жүргізген қолдан жасалған тергеу істерінің материалдарын қамтиды. Томдарда Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынұлы сияқты алашордалықтарды, сондай-ақ Алаш идеясын қолдаған басқа да тұлғаларды тергеу кезінде ресімделген құжаттар жинақталған.

Алашордалықтарды қуғын сүргінге ұшыратудың сырлары қолымда. Бұл —  мен үшін аса құнды, тарихи маңызы зор сый. Оны Алаш мұрасын зерттеуге өмірін арнаған көрнекті ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің ұлы, еліміздің адал азаматы Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиев жеткізді, — деп жазды депутат facebook парақшасында.

Сонымен қатар Бақытжан Базарбек Бас прокуратураның жұмысын атап өтті. Ол елден қашып кеткен қылмыскерлерді экстрадициялау үшін халықаралық келісімдер жасалып, елдің қауіпсіздігі мен бюджетінің қорғалғанын айтты.

— Ғалымжан Мәмбетұлының еңбегі арқасында мемлекетке қылмыскерлерді қайтару және олардың заңсыз әрекеттеріне тосқауыл қою жолында нақты істер жасалған, — деді Базарбек.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button