Шоу бизнес

Димаш Құдайберген БҰҰ — ның мінберінде қазақша сөйледі

2025 жыл 8 желтоқсан күні Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісі жөніндегі Халықаралық ұйымының Дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалғаннан кейін, Ұлттар Сарайында орналасқан Қазақ залының қайта ашылу рәсімінде өнер көрсетті, деп жазады qandastar.kz.

Ол өз сөзінде былай деді:

 «Құрметті мырзалар мен ханымдар, қадірлі қонақтар!

Мен үшін Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымның (ХКҰ) Жаһандық Ізгілік Елшісі болу — зор мәртебе.

Бүгін Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының жүрегінде орналасқан осы әсем Қазақ залында жиналғандарыңыз үшін алғыс айтамын. Елдің атын иеленген осындай залда, осындай жоғары марапатты алып тұрған бүгінгі күн мен үшін ерекше қуаныш.

Мен Қазақстанды таныстырып, Халықаралық көші-қон ұйымының Ізгілік Елшісі болуға, сонымен қатар өз елімнің Ізгілік Елшісі ретіндегі миссиямды жалғастыруға мақтанамын», — деді ол.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button