Жаңалықтар

«Қазахмыс» холдингін белгілі магнат сатып ала ма?

Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, «Қазахмыс» холдингін «Qazaq Stroy» компаниясына (иесі – Нұрлан Артықбаев) сату жөніндегі негізгі реттеушілік келісімдер аяқталған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Еxclusive.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, сатып алу-сату туралы келісімшарт желтоқсан айында қол қойылуы жоспарланып отыр.

NBK таратқан ақпаратқа сүйенсек, тәуелсіз аудит пен тараптардың аудиті нәтижесінде қалыптасқан мәміленің алдын ала құны 3,85 млрд долларды құрайды.

«Қазахмыс» құрамында 37 компания мен ірі өндірістік нысандар бар. Олардың басым бөлігі жаңғыртуды қажет етеді. 2026-2045 жылдарға арналған жоспар бойынша холдингке 3 трлн теңгеден астам (яғни 5,5 млрд доллардан жоғары) инвестиция салу көзделген.

Айта кетейік, мәміле туралы хабарлама жарияланғаннан кейін біраз уақыт өткен соң NBK сайтындағы материал алынып тасталды. Қазір сілтеме 404 қатесін көрсетіп, «Деректерді нақтылау үшін материал уақытша жасырылды» деген хабарлама шығады. Соған қарамастан, ақпарат басқа ақпараттық ресурстар мен Telegram-арналарға тарап үлгерді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button