Әнші Жанар Дұғалова өзінің мінсіз мүсінімен әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аудартты, деп жазады qandastar.kz.
Өнер иесі Жаңа жылдық кеш түсірілімінен фото және видео бөліскен. Желіге жарияланған кадрлардан кейін пікірлер бөлімінде қызу талқылау басталды. Көпшілік әншінің сымбатына таңдай қағып, жылы пікірлерін жазды.
«Мұндай мүсінмен әлемдік сахналарда жарқырау керек», — деп жазды бір қолданушы.
«Ару да, сымбатты да, өнерлі әнші», — деді тағы бірі.
«Фигурасына сөз жоқ», «Бір қарағанда ана екені білінбейді», «Мінсіз тұлға, ғажап бейне», — деп тамсанды желі қолданушылары.



