Марқұм мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевтың ұлы Жансұлтан Сапарбаев әкесін еске алды. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлайды.
«Мен әрдайым әкемнің жанымда екенін сезетінмін. Ол маған сенімді тірек болды», – деді Жансұлтан Сапарбаев Instagram парақшасында.
Ол сондай-ақ, әкесінің кенеттен жоқтығын сезген сәттен бастап өз өмірінде үлкен өзгеріс болғанын атап өтті.
«Сол сәттен бастап мен түсіндім. Жауапкершілік енді менің қолымда. Мен әкемдей адам болуым керек», – деді ол.
Жансұлтан Сапарбаев бұл сезімнің бір күнде келмейтінін, ол өмірлік тәжірибеден, қиын шешімдерден қалыптасатынын жеткізді.
«Әрбір қиын сәт сенің енді бала емес, ер азамат екеніңді айқындайды», – деп қосты ол.



