«Great Sky» компаниясы бас директорының бірінші орынбасары Андрей Тихоненко негізгі оқ-дәрі компоненттерін шығаратын төрт кәсіпорынды қамтитын «ASPAN» жобасы туралы айтты, деп жазады qandastar.kz сайты sputnik.kz-қа сілтеме жасап.
Жобадағы алғашқы зауыт – ASPAN-1 қазіргі уақытта салынып жатыр. Онда снарядтар мен миналарға арналған корпустар шығарылмақ.
ASPAN-1 зауыты 2027 жылдың басында өнім шығара бастайды деп күтіліп отыр. Жобаның жалпы құны шамамен 500 миллиард теңгені құрайды.
Жобаның әлеуеті зор. Себебі оқ-дәрі өндірісіне қажетті барлық шикізат – металл, мақта, қышқылдар және басқа да материалдар Қазақстанда бар, – дейді Андрей Тихоненко.
Жобаға Қазақстан Республикасының әскерінде қолданылатын миномет миналары мен артиллериялық снарядтар (82 мм, 120 мм, 122 мм және 152 мм), сондай-ақ экспортқа арналған НАТО стандартындағы оқ-дәрілер — 155 мм снарядтар (M107, M795) және 60 мм миномет снарядтарының өндірісі кіреді.



