Еліміздің ішкі істер министрлігі Наталья және Александр Донцовқа іздеу жариялады, деп жазады qandastar.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл іс Талдықорғанда тіркелген.
Бұған дейін министрлік Қазақстанда ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы «Қинау» бойынша бөлек қылмыстық іс қозғалып жатқанын мәлімдеген болатын.
Іс жәбірленушінің отбасының шағымдары негізінде қозғалды.
Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі қылмыстық істің фигуранттары ретінде қарастырылып отыр.
Германиядағы бұрынғы судьяның өліміне қатысты тергеу Бас прокуратураның құзыретіне жатады.
Еске сала кетейік, Айгүл Сайлыбаева Германияға көшкенге дейін Астанада судья болып жұмыс істеген. Бенсхаймда отбасымен бірге тұрған.
2024 жылы 4 маусым күні таңертең қызын балабақшаға апарып, жоғалып кеткен.
Айгүл Сайлыбаеваның зорлық белгілері бар мәйіті 16 маусымда Германиядағы Эрлахе көлі маңынан табылған.



