Спорт

«Қара бала таяқ жейсің»: Шавкат Рахмонов америкалықты өрескел сөздері үшін орнына қойды

UFC ұйымының американдық жартылай орта салмақ өкілі Хоакин Бакли қазақ файтері Шавкат Рахмоновты арандату мақсатында ауыр сөздер айтып, жекпе-жекке шақырды, деп жазады qandastar.kz.

Instagram желісінде Бакли Рахмоновқа өте дөрекі түрде жүгінді.

«Өзбекстанда тығылып жүре беруді қой, қорқақ. Менің жылдамдығымдай қарсыласпен сен бұрын-соңды кездеспедің. Менің күшімді сезінген жоқсың. Менің қуатымдай қарсылас болған емес. Сен тек өзіңе жасалған образдың арқасында өмір сүріп жүрсің. Ал мен сол образды күйрету үшін келдім», — деп жазды Бакли.

Оның айтуынша, дәл Бакли – Рахмоновтың чемпиондық жолындағы басты кедергі.

«Өзіңді келесі үміткер санайтыныңды айтасың, сол үшін мен жолыңды кесіп тұрмын. Кәне, бірдеме жаса. Менімен айқас сен туралы көп нәрсені ашып береді: олқылықтарыңды, шешімсіздігіңді, шегіңді. Сол себепті сенің командаң Kill Cliff менің атымды атамайды. Генри Хуфттың өзі оның жігіттері маған қарсы шықпауы тиіс екенін айтқан», — деп мәлімдеді америкалық файтер.

 

«Үміткерлік жайлы сөз жоқ. Сылтау жоқ. Жай ғана келісімшартқа қол қой», — деп түйіндеді ол.

Баклидің жазбасының астында Шавкат қысқа ғана, бірақ өте қатаң жауап қалдырды:

«Қара бала таяқ жейсің», — деп жазды Рахмонов.

Анықтама: Хоакин Бакли жартылай орта салмақта 10-орында тұр және соңғы жекпе-жегінде бұрынғы чемпион Камару Усманнан жеңілген. Ал Шавкат Рахмонов рейтингте 3-орында. Ол бұған дейін екі рет чемпиондық айқасқа бір қадам қалғанда жарыстан тыс қалған – біріншісі чемпионның жарақатына байланысты, екіншісі Шавкаттың өз жағдайына байланысты тоқтатылған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button