Көші-қон заңнамасы

Халықтың көші-қоны туралы 2

2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНЫ ПРОЦЕСТЕРІН БАСҚАРУДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖҮЙЕСІ

8-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және оны жүзеге асыруды ұйымдастырады;

2) шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілейді;

3) алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

4) халықты құжаттандыру және тіркеу тәртібін айқындайды;

5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындайды;

5-1) орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын белгілейді;

6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қабылдайды;

7) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің тәртібін айқындайды;

7-1) алып тасталды — ҚР 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-2) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекітеді;

8) алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.12.2013 № 151-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.06.2014 № 209-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.12.2017 № 122-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-1-бап. Халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Ескерту. 8-1-бап алып тасталды — ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9-бап. Ішкі істер органдарының құзыреті Ішкі істер органдары:

1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру, шетелдіктердің болуы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) көшіп келушілердің келу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың транзиттік жол жүру тәртібін айқындайды; 2-1) Қазақстан Республикасының аумағындағы көшіп келушілерге көші-қон карточкаларын беруді жүзеге асырады;

3) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуі мен кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және ұлттық қауіпсіздік органымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

4-1) шетелдіктердің Қазақстан Республикасына жеке істері бойынша келуіне шақыруларды ресімдейді, Қазақстан Республикасының визаларын беру бойынша қабылдаушы тұлғалардың шақыруларын қабылдайды және келіседі;

5) шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;

5-1) халықтың көші-қоны саласындағы ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

5-2) көші-қон процестерін мониторингтеуді жүзеге асырады;

5-3) көші-қон процестерін реттеу және мониторингтеу саласындағы шаралар жүйесін әзірлейді;

6) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келудің, Қазақстан Республикасынан кетудің, Қазақстан Республикасында болудың және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүрудің белгіленген қағидаларын сақтауын бақылайды;

6-1) шығарып жіберу туралы сот актісі өздеріне қатысты шығарылған көшіп келушілердің Қазақстан Республикасының шегінен уақтылы кетуін бақылайды;

6-2) облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын әзірлейді;

7) заңсыз көшіп келудің жолын кесу жөнінде шаралар қолданады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында болу мерзімін қысқарту туралы шешім қабылдайды;

9) көшіп келушілерге шекаралық аймаққа келу құқығын беретін құжаттарды ресімдейді;

10) шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында уақытша және тұрақты тұруға рұқсаттар беру тәртібін айқындайды және рұқсаттар береді;

11) босқын мәртебесін беру туралы шешімдер қабылдайды;

12) Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдейді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасынан тұрақты тұрғылықты жерге кетуіне рұқсаттар беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

14) Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асырады;

15) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуді және тіркеуден шығаруды жүзеге асырады;

16) уақытша болатын (тұратын) жеріне келген Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қоюды жүзеге асырады;

16-1) еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар береді және оларды кері қайтарып алады;

17) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда — ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді — ҚР 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің құзыреті Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері:

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 1-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдеседі;

3) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдеседі;

4) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;

4-1) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдайды және келіседі;

4-2) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын береді, күшін жояды, қалпына келтіреді, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзартады және қысқартады не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

5) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат береді;

5-1) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдайды, тіркейді, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жібереді, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдейді;

6) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;

7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.12.2013 № 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның құзыреті Халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган:

1) халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды; 1-1) құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) алып тасталды — ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

3) халықтың көші-қоны саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарға әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;

4) шетелдік жұмыс күшін тартуға квота қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

4-1) оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

4-2) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға өңірлік квоталарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдайды және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;

4-3) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын іске асыру мониторингін жүргізеді;

4-4) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;

4-5) оралмандар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібін айқындайды;

5) шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана арасында бөледі;

5-1) шетелдік жұмыскерлердің орталықтандырылған дерекқорын қалыптастырады, «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйесін құрады және олардың тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара байланысын қамтамасыз етеді;

5-2) шетелдік жұмыскерлерге өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілік сәйкестігі туралы анықтама береді;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшіп-қонушыларды әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етеді;

7) өз құзыреті шегінде көші-қон процестерін мониторингілеуді жүзеге асырады;

8) алып тасталды — ҚР 16.04.2018 № 147-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

9) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту тәртібін айқындайды;

9-1) Оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі комиссияның үлгілік ережесін бекітеді;

10) оралман мәртебесін беруден немесе ұзартудан бас тартуға арналған шағымдарды қарайды;

11) оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтары, уақытша орналастыру орталықтары қызметінің тәртібін айқындайды;

12) еңбекші көшіп-қонушылардың және этностық қазақтардың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады және ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органының, Сыртқы істер министрлігінің тиісті ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;

13) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны туралы заңнамасының сақталуын бақылайды;

14) құзыреті шегінде шет мемлекеттердің уәкілетті органдарымен және халықаралық ұйымдармен көші-қон процестерін реттеу саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастырады және жүзеге асырады;

15) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 11-бап жаңа редакцияда — ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; өзгерістер енгізілді — ҚР 10.12.2013 N 153-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

12-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның құзыреті Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) көшіп келушілерге медициналық көмек көрсетудің тәртібін бекітеді;

3) шетелдіктерде және азаматтығы жоқ адамдарда болуы олардың Қазақстан Республикасына келуіне тыйым салатын аурулардың тізбесін бекітеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталықтарында, уақытша орналастыру орталықтарында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

13-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті органның құзыреті Білім беру саласындағы уәкілетті орган:

1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) этникалық қазақтар мен оралмандарға техникалық және кәсіптік білім берудің, ортадан кейінгі және жоғары білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квотаға сәйкес білім гранттарын бөледі;

3) Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес шетелдегі жалпы білім беру мекемелерінде оқып жүрген этникалық қазақтарды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етеді;

4) алып тасталды — ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

14-бап. Ұлттық қауіпсіздік органының құзыреті

1. Ұлттық қауіпсіздік органы: 1) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады; 2) шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың келуін және кетуін есепке алудың бірыңғай дерекқорын қалыптастырады, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарымен және Сыртқы істер министрлігімен уақтылы ақпараттық алмасуды жүзеге асырады; 3) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін келіседі; 4) көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді келіседі; 5) көшіп келушілерге Қазақстан Республикасына келген кезде көші-қон карточкаларын беруді және Қазақстан Республикасынан кеткен кезде оларды алып қалуды жүзеге асырады; 6) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келіседі; 7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

2. Ұлттық қауіпсіздік органдары көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына және шетелдіктердің баруы үшін жабық жекелеген жерлерге (аумақтарға) келуін; көшіп келушілердің Қазақстан Республикасында тұрақты тұруына рұқсат беруді; шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхаттарын келісуден бас тарту үшін негіз болған себепті түсіндірмеуге құқылы.

Ескерту. 14-бап жаңа редакцияда — ҚР 22.12.2016 № 28-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 15-бап. Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті

1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары: 1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады;

2) оралмандар мен көшiп келушiлердiң Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес медициналық көмек алуын қамтамасыз етедi;

3) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті аумақтарды оралмандар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызу туралы ұсыныстар енгізеді;

4) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi;

5) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, еңбекші көшіп-қонушыларды есепке алуды және тiркеудi жүзеге асырады;

6) алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 6-1) этникалық қазақтардан оралман мәртебесін беруге немесе ұзартуға өтінішті қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды; 6-2) этникалық қазақтардан оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды; 6-3) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту туралы шешім қабылдайды; 6-4) оралмандарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды; 6-5) Қазақстан Республикасының азаматтарынан қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішін қажетті құжаттарымен қоса қабылдайды; 6-6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды;

7) алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);

8) оралман куәлігін береді;

9) оралмандарды бейімдеу және интеграциялау орталықтарын, уақытша орналастыру орталықтарын құрады және олардың қызметін ұйымдастырады;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көшiп-қонушылардың балаларының бiлiм алу құқығын қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдайды;

11) халықтың көшi-қоны мәселелерi жөнiндегi уәкілетті орган бөлген квота шегiнде, тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бірлік аумағында, сондай-ақ квотадан тыс корпоративішілік ауыстыру шеңберінде еңбек қызметiн жүзеге асыру үшiн жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаттар бередi, сондай-ақ көрсетiлген рұқсаттарды тоқтата тұрады және кері қайтарып алады;

12) алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі).

13) ұлттық қауіпсіздік органдарын хабардар ете отырып, бизнес-көшiп келушiлердің уақытша тұруға арналған рұқсаттарының қолданылу мерзiмiн ұзартуға немесе қысқартуға өтінішхат бередi; 13-1) Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдерде тұратын этникалық қазақтардың арасынан туыстарын Қазақстан Республикасына отбасын біріктіру мақсатында қоныстандыру үшін шақыруларын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қарайды және куәландырады;

14) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары: 1) өз құзыретi шегiнде халықтың көшi-қоны саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады; 2) Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес халықтың нысаналы топтарына жататын оралмандарға жұмысқа орналасуға, кәсiптiк даярлықтан өтуге, қайта даярлаудан өтуге және бiлiктiлiгiн арттыруға жәрдем көрсетедi;

3) көшiп-қонушыларға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мектептерден, мектепке дейiнгi ұйымдардан, сондай-ақ медициналық-әлеуметтiк мекемелерден орын бередi;

4) оралмандарға қазақ тiлiн және өздерiнiң қалауы бойынша орыс тiлiн үйрену үшiн жағдай жасайды;

5) жергiлiктi мемлекеттiк басқару мүддесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 3. Алып тасталды — ҚР 24.11.2015 № 421-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Ескерту. 15-бап жаңа редакцияда — ҚР 10.12.2013 № 153-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); өзгерістер енгізілді — ҚР 27.10.2015 № 365-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.11.2015 № 421-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 22.12.2016 № 28-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.04.2018 № 147-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close