Астанадағы «Нұрлы жол» теміржол вокзалында ер адам пышақ жарақатымен ауруханаға түсті, деп жазады qandastar.kz сайты Көліктегі полиция департаментіне сілтеме жасап.
Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері күдіктіні дер кезінде ұстап, оны уақытша ұстау изоляторына қамады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы тергеу деректерін жариялауға тыйым салатындықтан, оқиғаның өзге мән-жайы жарияланбайды.
Зардап шеккен азамат дереу ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақты деп бағалауда.



