Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова ұзақ үзілістен кейін қайын атасы Нұртас Айдарбековпен бірге көзге түсті, деп жазады qandastar.kz порталы.
Жұлдыздың жалғыз бауыры шаңырақ көтеріп, Қайрат Нұртас пен қайын атасы тойда болған еді.
Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында тойдағы видеомен бөлісті.
«Баяғыда немерелерін көріп, әжем айтушы еді, өй тұқымың көбейгірлер деп, сол айтпақшы, немерелер көбейген сайын, Аллаға шүкіршілік айтумен жүрмін. Көз тимесін, амандықтарымен қуандыра берсін!», — деп жазды ол.
Оқырмандардың пікірі екіге бөлінді.
Бірі атасының немерелеріне деген сүйіспеншілігін атап өтсе, «Келін көйлегін ауыстырса қайтеді?», «Атасының алдында қалай тұр?», «Жұлдыздың тәкаппарлығы көрініп тұр» сынды пікір жазушылар да табылды.



