Жаңалықтар

ШҚО-да «Мәңгілік алауға» тауық қуырып қорлаған тұрғын ұсталды

Риддер қаласында 31 жастағы тұрғын «Мәңгілік алау» маңында көшелік қоғамдық тәртіпті бұзып, Даңқ монументін қорлағаны үшін әкімшілік жазаға тартылды. Бұл туралы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды qandastar.kz

Оқиға 2025 жылдың 4 желтоқсанында түнгі уақытта болған. Ер адам мемориал аумағына кіріп, «Мәңгілік алаудың» жалынында тауық қуырып, кейін қоқыс қалдырып кеткен. Бұл әрекет бейнебақылау камераларына түсіп қалған.

Полицейлер күдіктіні анықтау үшін аумақты аралап, камера жазбаларын зерттеп, куәгерлерден түсініктеме алған. Нәтижесінде тәртіп бұзушы ұсталды.

ШҚО ПД мәліметінше, азамат қоғамдық орындарды, ғимараттар мен құрылыстарды қорлау бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен 5 тәулікке қамауға алынды.

Құқық қорғау органдары тарихи ескерткіштер мен қоғамдық маңызы бар нысандарға құрметпен қарауға шақырды, сондай-ақ мұндай әрекеттердің әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке әкелетінін ескертті.

Біз бұған дейін ШҚО-да Мәңгілік алауды мангалға айналдырғандар іздестіріліп жатқаны туралы жазған болатынбыз.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button