Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ермек Көшербаев КҚК-ға соққылар жайлы: «Украина тарапымен түсіністік бар»

Қазақстанның сыртқы істер министрі Каспий құбыр консорциумына шабуылдар туралы журналистердің сұрағына жауап берді, деп жазады qandastar.kz порталы Sputnik Қазақстан парақшасына сілтеме жасап.

Ермек Көшербаевтың айтуынша, Венада өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы СІМ кеңесі кезінде украиналық әріптесімен кездескен.

«Украина тарапымен жағдай тұрақты болуы керек деген түсінік бар», — дейді Көшербаев.

Министрдің айтуынша, кездесуде екіжақты ынтымақтастық, сауда қатынастары мен қауіпсіздік, оның ішінде Каспий құбыр консорциумы мәселелері сөз болды.

Бұған дейін Қазақстан мұнайы тасымалданатын КҚК айлағы шабуылға ұшырап, жұмысын уақытша тоқтатқаны хабарланған.

Ал энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумы инфрақұрылымына жасалған дрондық шабуылдардан кейін Қашаған кен орнынан өндірілетін мұнайдың экспорттық бағыттарын қайта қарауға кірісті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button