«Нұр-Мұқасан» тобының жаңа әншісіне қол көтерді деген айып бойынша қылмыстық іс қозғалған Мұқасан Шахзадаев Алматыдағы концерттердің бірінде көпшіліктің алдына қайта шықты, деп жазады qandastar.kz.
9 желтоқсан күні Алматыда ақын Олжас Отардың «Ауырмайды жүрек» атты шығармашылық кеші өтті. Әдебиет пен ән өнерін біріктірген бұл шараға қазақ эстрадасының бірқатар белгілі тұлғалары қатысты.
Сахна төрінде Саят Медеуов, Досымжан Таңатаров, Қайрат Нұртас, Қанат пен Света, Тоқтар мен Бейбіт, Ернар Айдар, Әлішер Кәрімов және Абай Бегей өнер көрсетті. Сол кеште көпшілік Мұқасан Шахзадаевтың да сахнаға шыққанын байқады.
Ақын Олжас Отар Instagram-парақшасында Мұқасанның ән айтып тұрған сәтінен бейнежазба жариялады.
Сонымен қатар Досымжан Таңатаров сторисінде Мұқасанмен бірге түскен суретін бөлісіп, жұрттың назарын өзіне аудартты.




