Жаңалықтар

Қарағандыда логопед баланы бір жыл бойы ұрып келген (ВИДЕО)

Қарағандыда логопедпен бір жыл бойы тұрақты түрде оқып жүрген баланың сабағынан түсірілген видео қоғам назарын аударды, деп хабарлайды qandastar.kz  сайты Instagram әлеуметтік желісіндегі Karaganda_vkurse парақшасына сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, сабақ аяқталар кезде әкесі кабинеттегі шағын терезе арқылы баласының процесін түсіріп алған. Жазбада логопедтің баланы басынан ұрғаны анық байқалады.

Ата-ананың айтуынша, осы уақытқа дейін маманға қатысты ешқандай мәселе байқалмаған. Логопедке толық сенген олар видео көрген соң баланы бірден сабақтан шығарып алған. Маман да бұл әрекетіне түсініктеме бере алмаған. Кейін телефон шалғанымен, ата-аналар оның қоңырауларына жауап бермегенін, ал логопед тарапынан ешқандай жазбаша түсініктеме немесе кешірім келмегенін айтады.

Отбасы жағдайды жариялауға шешім қабылдаған. Себебі осы логопедке күн сайын көптеген балалар келеді, ал мұндай әрекет басқа оқушыларға қатысты қайталанған-қайталанбағаны белгісіз.

Біз бұған дейін сабаққа күмәнмен қараған жоқпыз. Бұл жазба бәрін анық көрсетті. Енді әр ата-ана өз шешімін шығарады, бірақ болған жайт туралы қоғам білуі тиіс, – дейді баланың анасы.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от КАРАГАНДА / KARAGANDA / 09 (@karaganda_vkurse)

Ұқсас Мақалалар

Back to top button