Британдық Boxing News журналының журналисі Оскар Пиктің айтуынша, орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы допинг жанжалына қарамастан, бір салмақ жоғарыдағы белбеу иесі, америкалық Терренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізу мүмкіндігін әлі де сақтап отыр, деп жазады qandastar.kz. ақпараттық агеннтігі sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Айта кетейік, осы айдың басында Әлімханұлының допинг-пробасынан мельдоний анықталып, бұл жағдай оның орта салмақтағы WBA чемпионы Эрисланди Ларамен өтетін біріктіру жекпе-жегінің тоқтатылуына себеп болған.
WBO ұйымы осы оқиғаға байланысты ішкі тергеу басталғанын мәлімдеді. Алайда әзірге боксшыны титулдарынан айыру немесе басқа да санкциялар енгізу туралы шешім шыққан жоқ.
Журналист Оскар Пик жағдайды былай түсіндіреді:
«Қыркүйекте Кроуфорд «Канеломен» жекпе-жекте рекордтық гонорар алып, үш салмақ дәрежесінде абсолют чемпион атанды. Бірақ қазір оның жақын уақытта дәл сондай көлемде табыс табуы қиын көрінеді, себебі өз дивизионында да, сыртында да айтарлықтай танымал қарсыластар аз.
Келесі жылы Кроуфорд орта салмақтың біріктірілген чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қарсы жекпе-жек өткізуі мүмкін. Бұл оған алты салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атануға мүмкіндік береді.
Дегенмен ұсынылатын қаржы Кроуфордты қызықтыруы екіталай, егер ол өз мұрасын одан әрі кеңейтуді шын мәнінде қаламаса», – дейді автор.


