Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ұжымдағы «Тайная Санта» ойыны жанжалға себеп болуы мүмкін — психологтар

Жаңа жыл қарсаңында көптеген ұжымдарда дәстүрге айналған «Тайная Санта» ойыны кей жағдайда қызметкерлер арасында түсініспеушілік пен шиеленіс тудыруы мүмкін. Бұл туралы Qandastar.kz    Instagram желісіндегі neboldykz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Психологтардың айтуынша, тек жұмыс бабымен байланысатын адамдар үшін мұндай ойын қосымша қысым, мазасыздық, тіпті жеке кеңістікке қол сұғушылық сезімін қалыптастырады.

Мамандар атап өткендей, сыйлықтарға қойылатын бағалық лимит көбіне шартты ғана. Себебі біреулер жан жүрегімен, ықыласпен сыйлық дайындаса, енді біреулер «жай ғана» сыйлық береді. Бұл болса сый алушылардың өз-өзіне көңілі толмауына, реніштің пайда болуына және жалпы ұжым ішіндегі эмоционалдық күйге әсер етуі мүмкін.

Психологтар жұмыс орнындағы мерекелік дәстүрлерді ұйымдастырғанда қызметкерлердің қалауы мен жайлылығын ескеруге кеңес береді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button