Шоу бизнес

«Бұл еңбектің арқасы»: Дариға Бадықова жақсы жаңалығымен бөлісті

Белгілі актриса Дариға Бадықова Forbes журналы бетіне шыққанын қуанышпен хабарлап, бұл жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол оқырмандарынан құттықтау күтетінін де жасырмай жеткізді,  деп жазады qandastar.kz.

Бадықованың сөзінше, мұндай үлкен жетістікке қол жеткізгенімен, оның ішкі болмысы да, сырт келбеті де айтарлықтай өзгермеген.

«Forbes тізіміне ендім, құттықтай берулеріңізге болады — бұл еңбектің арқасы. Бірақ өзім баяғы күйімде қалдым. Түсірілім кезінде артық пафоспен көрінгім келмеді. Бір танысым тіпті «балконыңнан шампан атқызып, жұртты жинамадың ба?» деп сұрапты. Жоқ, бәрі қалыпты. Осы неге солай деп маманнан сұрағанда, ол: сен ішкі тыныштығы бар, қысымсыз, уайымы аз, еркін өмір сүретін адамсың деді. Расымен, менде артық қазбалау деген жоқ», – деп бөлісті актриса.

Актрисаның бұл жазбасы желі қолданушыларының көңілінен шығып, олар оны жан-жақтан жүрекжарды құттықтауларымен қуантты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button