Орталық коммуникациялар қызметінде Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков есеп берді. Жиын барысында оған журналист Бақытжан Көпбаев ерекше алғыс айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«Сіз келгелі қаламыз жақсы дамып келеді. Қазір халықты «қаланы дамытуға үлкен үлес қосқан әкіміміз ауысып кетпей ме?» деген сұрақ мазалайды», — деді журналист.
Ғабит Сыздықбеков өзінің алдында әкім болған әріптестері де жанын салып жұмыс істегенін айтты. Сондай-ақ кадрлық ауыс түйіске мемлекет басшысы жауап беретінін, бұдан әрі жұмыс істейтін, істемейтінін президент шешетінін жеткізді.
«Аллаға және президентке сізді әкім етіп сайлағаны үшін алғыс айтамын», — деді журналист.



