ДенсаулықЖаңалықтар

Танымал нейрохирург өз атынан жалған дәрі сатқан алаяқтарды тапты

Танымал нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаның атынан жалған дәрі сатқан алаяқтардың кім екені анықталды. Бұл туралы Qandastar.kz Instagram желісіндегі nofakekz парақшасына сілтеме жасап хабарлады. 

Дәрігердің йтуынша, алаяқтар оның таныстарына қоңырау шалып, 66 мың теңгеге қант диабетіне қарсы препарат ұсынған. Кейін сол нөмірге дәрігердің өзі науқас ретінде хабарласып көрген. Сөйтсе, олар БАД-тардың бір курсын 22 мың теңгеден сатып жүргенін анықтаған.

«Хабарласқан кісілерге нөмір жіберіңізші дедім. Сол күні қоңырау шалып едім, көтермеді. Таңертең өздері хабарласты. Ольга деген әйел екен. Веб-сайттары да бар. Препарат инсулинге көмектеседі депті. Мен дәрі алатын адам ретінде сөйлестім. «20 жыл қант диабетімен ауырдым, бұл көмектесе ме?» десем, диабетке арналған дәріні ішу керек деді. Ол жай шөптен жасалған. Ресейдің Алтай аймағының шөбі, қуыққа, буынға көмектеседі, бір курсқа 3 комплект алу керек. Әрқайсысы 22 мың теңге тұрады дейді. Сол 66 мың теңгеге барып тұр ғой», — дейді дәрігер.

Кейін ол өзін рұқсатсыз жарнамада пайдаланылған Мыңжылқы Бердіқожа екенін айтқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button