Желіде үй жинап жүріп, үлкен клининг — компанияның директоры болған кәсіпкер, блогер Нұрхан Нұрмаханбет ерекше образда видео жариялап, жұрттың ашуын тудырды, деп жазады qandastar.kz.
Ол бұл кейіп тек көңіл көтеру мақсатында жасалғанын айтып, оқырмандарынан теріс ойламауды өтінді.
«Жай ғана образ ғой, достар, жаман ойлап қалмаңыздар», – деп жазған ол.
Дегенмен блогердің видеосы желі қолданушыларына жақпай қалған көрінеді.
«Жаман ойлаған бергі жағы, жерге кіріп кеттік», «Осылай Амилай боп кетпесін бұл да», «Осыған қой дейтін ағайын бар ма?», «Ұят-ай», «Мұның дұрыс болмады», «Үй жинағаның жақсы еді, Алла жеңілдігін берсін», «Келесі жолы ер адамдардың образын таңдашы», «Бұл енді артық», – деп жазған олар.



