Спорт

Елдос Сметов дзюдо жанкүйерлерін қуантты

Даңқты дзюдошы, Олимпиада чемпионы Елдос Сметов ұзақ уақыттық үзілістен кейін қайтадан оқу-жаттығу жиындарына кірісті,  деп жазады qandastar.kz.

Спортшы бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

«Біз оқу-жаттығу жиынына тыңғылықты түрде кірістік», – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Елдос Сметов 2024 жылғы Париж Олимпиадасында жеңіске жеткеннен кейін татамиге шықпаған еді.

Сметов – Қазақстан тарихындағы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button