Заңгер Ләззат Рақышева бала кезінде зорлыққа ұшырағанын айтып, әрбір педофил түрмеге тоғытылған сәтті жеңіс деп бағалайтынын айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы хабарлады.
Заңгердің пікірінше, адвокаттар көбіне педофилдердің жағына шығады, өйткені олардың қаржылық мүмкіндігі бар, ал құрбандар – осал топтардан.
«Сондықтан салаға адамгершілікпен келген кәсіби мамандар қажет», — деді ол facebook парақшасында.
Рақышева балаларға өзін қорғауды ерте жастан үйрету, ата-аналар мен мектептерде алдын алу жұмыстарын жүргізу, зорлық-зомбылыққа ұшыраған жағдайда полиция немесе прокуратураға жүгіну керектігін ескертеді.



