ДенсаулықЖаңалықтар

Көкшетаудағы перинаталдық орталықта әйелдер шәйнекпен жуынуға мәжбүр

Көкшетаудың перинаталдық орталығындағы науқас әйелдер бірнеше апта бойы душқа түсе алмай, шәйнектегі суды қолдануға мәжбүр болған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі qazaqtoday Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Пациенттердің айтуынша, душ кабиналары жұмыс істемей тұрғанына біраз уақыт болғанымен, ешкім мәселені шешуге асықпаған.

«Медбикелер шашты легенде немесе тіпті палатада жууға кеңес береді, бірақ бұл  гигиенаға мүлде сай емес», — дейді әйелдердің бірі.

Ал әкімдікке қарасты денсаулық басқармасы жағдайды «жөндеу жүріп жатыр» деп ақтауға тырысқан.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button