БілімЖаңалықтарМәдениет

«Білім алуға жағдай жоқ»: Екі жыл бұрын күрделі жөндеу жүрген «Шабыт» университетінің студенттері шу шығарды

Студенттер екі жылға созылған күрделі жөндеуден кейінгі «Шабыт» ғимаратындағы  жағдайға наразылық білдіруде. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат агенттігі Іnstagram желісіндегі astana__press парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Студенттердің айтуынша, қыс мезгілінде аудиторияларда ауа температурасы нөлден төмен түсіп, сабақтар куртка мен қысқы аяқ киіммен өткізіледі. Кейбір пәндер тар, оқу процесіне лайықталмаған бөлмелерде жүргізіліп жатыр.

Білім алушылардың мәлімдеуінше, көптеген аудиториялар, сахналар мен кулисаларды өз қаражаттарына ретке келтіруге мәжбүр болған. Сонымен қатар қажетті техникалық жабдықтарға қолжетімділік жоқ. Студенттер асханада да жылу жоқ екенін, байланыс сапасының төмендігін атап өтеді.

Осы жағдайдың кесірінен көптеген студенттер сырқаттанып, кейбірі ауруханаға түскенін айтады.

Ерекше наразылық тудырып отырған жайт — жалғыз жылы зал саналатын Шопен залының жалға беріліп, студенттердің емтиханға дайындалуы мен тапсыруына кедергі келтіруі. Сондай-ақ, білім алушылар концертмейстерлердің жетіспеушілігін айтып, мұны жалақының төмендігімен байланыстырады.

Еске сала кетейік, күрделі жөндеу жұмыстары кезінде университет студенттері бұрынғы «Ramada Plaza» қонақ үйінің ғимаратында білім алған. Мемлекет басшысы өткен жылы оқу орнына жасаған сапары барысында ғимаратты кеңейту және жаңғырту туралы айтылғанымен, студенттердің сөзінше, қазіргі оқу жағдайы айтылған уәделерге сай келмейді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button