Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

«Жауапкершілік жоқ»: Таразда әлеуметтік қызметкерлер биліктен көмек сұрады

Тараз қаласында әлеуметтік қызметкерлерге арналған бюджет қаражаты бір жылға жуық уақыттан бері төленбей келеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Письма президенту Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Олар күнделікті тұрмыста көмекке мұқтаж отбасыларға қызмет көрсетіп, күтім жасап, үй шаруасына көмектесіп, әлеуметтік сүйемелдеу жұмыстарын атқарады.

Әлеуметтік қызметкерлер мәселені шешу үшін қалалық жұмыспен қамту бөліміне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне, тіпті сотқа дейін жүгінген. Алайда осы уақытқа дейін нақты нәтиже болмай отыр.

Қызметкерлердің айтуынша, жауапты мекемелер бір-біріне сілтеме жасап, жауапкершілікті өз мойындарына алудан бас тартып келеді. Шенеуніктердің әрекетсіздігі салдарынан әлеуметтік қызметкерлер еңбекақысыз қалып, күнкөріс жағдайы қиындаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button