Осындай жазуы бар видеороликті Алматыдағы бутиктердің бірі жариялаған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі krispi_almaty парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Аталған жарнама әлеуметтік желілерде жаппай наразылық тудырды. Қолданушылар оны шок тудыратын әрі құрметсіз деп бағалады. eOtinish платформасына шағымдар түскеніне қарамастан, ролик авторы кешірім сұраған жоқ. Керісінше, бұл әрекет «провокация ретінде тиімді болды», яғни қаралым көбейіп, сатылым артты деп мәлімдеді.
«Маған прокуратурадан немесе соған ұқсас бір жерден хабарласты. Қорытындысында ешбір бап бойынша іс қозғалмайтыны айтылды», — деді бутиктің иесі.
Мұндай видеолар бұл бренд үшін жаңалық емес. Бутиктің әлеуметтік желідегі парақшасында дәл осындай деңгейдегі арандатушылыққа толы және түсініксіз жарнамалық роликтер бұрыннан бар.
«Орда» басылымы Алматы қалалық полиция департаментіне ресми түсініктеме сұраған. Жарияланым шыққан сәтте жауап әлі түскен жоқ. Оқиғаның әрі қарай қалай өрбитінін бақылауда ұстаймыз.
Айта кетейік, Қазақстанда сәтсіз немесе даулы жарнама үшін жаза қолданылған жағдайлар бұған дейін де болған. Жазда Жамбыл облысында жарнамалық ролик түсіру кезінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзған блогер қамауға алынғаны туралы жазған едік.



