World Boxing ұйымының басшысы Геннадий Головкин мен UFC жауынгері Шавкат Рахмонов Көкшетауда кездесті – атақты спортшылардың қатысуымен түсірілген кадрлар желіде жарияланды, деп жазады qandastar.kz.
Кадрлар Instagram желісіндегі kokshetautoday парақшасында жарияланған.
Белгілі болғандай, әлемдік спорт жұлдыздары Көкшетауда жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысқан.
«Спортымыздың аңыздары Шавкат Рахмонов пен Геннадий Головкин жаңа спорт кешенінің ашылуына келді», – делінген жарияланымда.
Жарияланған кадрларда Головкин мен Рахмоновтың іс-шараға келіп, бауырсақ пен тәттілерден дәм татқанын көруге болады. Желі қолданушылары екі әйгілі спортшының кездесуін зор қуанышпен қабылдады.
«Ұлттық қаһармандар! Жарайсыңдар, жігіттер», «Бір шаршы метрге шаққанда жұлдыздардың тым көп шоғырлануы», «Тамаша, сүйікті спортшыларымыз Көкшетауда», «Гена, Шавкат – от», «Біздің чемпиондар», «Қазақстанның мақтанышы», – деп пікір қалдырды оқырмандар.



